Аймақтар • 14 Ақпан, 2025

Шымкентте есірткі зертханасы жойылды

778 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте есірткі зертханасы жойылды

фото: ҰҚК

Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

«2025 жылдың 6 ақпанында тінту барысында 7 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген», делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:50

Жаңақорғанда макарон шығады

Өндіріс • Бүгін, 09:35

Дегдар сөз иесі

Жансарай • Бүгін, 09:30