
Жұлдыз Райымбекқызы 1967 жылы 19 ақпанда Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданының Нығмет Нұрмақов атындағы ауылда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі.
1990 жылдан бері Қарағанды облыстық Орталық Қазақстан газетінде журналист. Халықаралық Қазақстан-Заман газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі.
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломаты. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. «Көтердім ақ желкенін жыр – кеменің» атты жыр жинағының авторы.