Алматы • 16 Ақпан, 2025

Алматы зообағы басқа қалаға көшіріле ме? Әкімдік жауап берді

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының мәдениет басқармасы зообақтың қазіргі орнында қала беретінін және оның басқа қалаға көшірілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы зообағы басқа қалаға көшіріле ме? Әкімдік жауап берді

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, зообақты қайта жаңарту және халықаралық стандарттарға сай модернизациялау жоспарланған.

«Алматы қаласының аумақтық даму жоспарына сәйкес, зообақты зоогеографиялық қағидаттарға сай жаңғырту және қайта құру көзделген. Қайта құру жұмыстары 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», – делінген басқарма хабарламасында.

Ресми мәліметке сәйкес, алдағы жаңарту жұмыстары жануарлардың өмір сүру жағдайын жақсартып, келушілер үшін ыңғайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше