Спорт • 17 Ақпан, 2025

Grand Slam турнирін Қазақстан бір жүлдемен аяқтады

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған халықаралық беделді дода – Әзербайжанның бас қаласы Бакуде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Grand Slam турнирін Қазақстан бір жүлдемен аяқтады

Фото: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы жарыста жалғыз медальге қол жеткізді. Нақты атағанда, грузиялық дзюдошыны ұтқан +100 келі салмақ дәрежесіндегі Ерасыл Қажыбаев қола медаль иегері атанды.

Ислам Тоқтасын (73 келі), Мейіржан Жұмабек (81 келі), Ислам Бозбаев (100 келі) жетінші орынға ие болды.

Турнирге 36 елден 258 дзюдошы қатысты.