19 Маусым, 2015

Азаматтық қоғам атсалысуға дайын

339 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
nurotan-news-1410242399_0Кеше Астанада Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050»  жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті. Онда жетекші саяси партиялардың төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері Президент Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға атсалысу мәселелерін талқылады. Жиынды ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, коалиция төрағасы Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы ұсынған реформалардың маңыздылығына тоқтала келіп: – Қазіргі реформалар – егемен ел болғаннан бері жүзеге асқан іргелі істердің заңды жалғасы. Мемлекет пен қоғам дамуының келесі жарқын кезеңіне өту алдында қарқынымызға қарқын қосатын, Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енгізер нақты шаралар кешені, – деді. Оның сөзіне қарағанда, мұндай келелі шараларды азаматтық қоғамның атсалысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Елбасы «демократиялық қоғамның ажырамас бөлшегі» деп атаған азаматтық қоғам институттарына осынау ауқымды реформаларды іске асыруда аса үлкен жауапкершілік артылады. Бұдан бөлек, Бауыржан Байбек еліміздің алдына – «Баршаға ортақ қазіргі заманғы мемлекет», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Тұрақты экономика», «Болашағы біртұтас ұлт», «Транспаренттік және есепті мемлекет» сияқты бес институттық реформаны жүргізу бойынша ауқымды міндеттер қойылып отырғанын, 2015 жылғы 20 мамырда «Мемлекеттік құрылыстың алдағы 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспары ұсынылғанын, бұл құжат халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланғанын, олар Қазақстанның әлемдегі ең беделді бағдарламаларының бірінен бастау алғанын атап көрсеткенін жеткізді. nurotan-news-1434618802 Сондай-ақ, ол «Нұр Отан» партиясының бес институттық реформа шеңберінде Ұлт жос­парын жүзеге асыру бойынша ұсыныстардың ауқымды пакеті дайындалғанын мәлім етті. Оның айтуынша, бұл ұсыныстар өткен аптада «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институты мен Медиалық технология­лар орта­лығы құрған «Sarap Time» сараптама клубы алаңында талқыланған. Бұған қоса, Б.Байбек Ұлт жос­парын жүзеге асыруда түпкілікті көзделіп отырған мақсатымыздың мәнісін түсіндіре кетті. – Елбасы айтқандай, елде әділ сот пен құқық қорғау жүйе­сін, халыққа қызмет ететін мем­ле­кеттік аппарат құру, экономикасы кемел, болашағы біртұтас ұлт болуға бағытталған реформа­ларды жүзеге асыру – қарапайым қазақстандықтардың қамы. Мақ­сат – мемлекетке деген азаматтар арасында айнымас сенім қалып­тастыру, сол арқылы Мәңгілік Ел болудың даңғылына түсу, – деді. Сонымен қатар, басқосуда белгілі болғандай, «Нұр Отан» партиясы құрған республикалық-қоғамдық штабқа коалиция мүшелерiнiң 90 пайызы кiрген. Бiр ай iшiнде олар көптеген аудандар мен ауылдарда, 20-дан астам iрi кәсіпорындарда болып, 70 мыңнан астам адаммен кездескен. Барлық қоғамдық бiрлестiктер елiмiздiң өркендеуi үшiн Елбасының жанына топтасып, өздерiнiң саяси мәдениеттерiнiң жоғары деңгейiн көрсете білген. Президенттің реформалары азаматтардың мемлекетке деген сенімiнiң арттырылуына, азаматтық бастамалар мен қоғамдық бақылауды кеңейтуге бағытталған. Жиында айтылып өткендей, Мемлекет басшысының тапсырма­сы­на сәйкес, ауқымды әкiм­шiлiк реформа жүргiзiлiп, саяси қыз­мет­керлердiң саны 8 есе қысқарған. Экономиканы жүйелi түрде дамы­тудың арқасында өңiрлердiң мүм­кiндiктерi айтарлықтай ұлғайған. Осылайша, соңғы 10 жылда жер­гiлiктi бюджеттер 5 есе, орта­лықтың трансферттерi 8 есе артқан. Басқосу барысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, Мәжіліс депутаты Нұр­лан Әбдіров және жетекші саяси партиялардың төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мен аза­мат­тық қоғам өкілдері, сарапшылар бес институттық реформа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жө­нінде ой-пікірлерін айтып, өздерін толғандырып жүрген ұсыныс­тарын жеткізді. Отырыс соңында Демо­кратиялық күштердің «Қазақ­стан-2050» жалпыұлттық коалициясы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысты Үндеу қабылдады. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».