
Фото: zhambyl_police
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған облыстың балалар ауруханасына былтыр жасалған «хакерлік шабуыл» салдарынан 350 миллион теңге ұрланған.
«Ұрланған қаражат аурухана шоттарына қайтарылды. Қылмыстық істің материалдары қосымша тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», делінген хабарламада.