Университет • 18 Ақпан, 2025

Махамбет университетінде шеберхана ашылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Махамбет Өтемісұлы атын­­дағы Батыс Қа­зақс­тан уни­вер­ситетінде сту­­денттердің шы­ғар­ма­шы­лық және кәсіби дамуына ар­нал­ған жаңа шеберхана ашыл­ды.

Махамбет университетінде шеберхана ашылды

Суретті түсірген – Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА

Шеберханада қазірдің өзінде сұлулық салоны, «MUstore» брендтік киімдер желісі, копицентр, қолөнер шеберханасы жұмыс істейді. Университет өз ісін бастаймын деген студент жастарға ғимаратты тегін ұсынып отыр. Бұл жерде студенттер үшін барлық қызметтің құны нарықтан төмен екен.

«Жобаның басты мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға, кәсіби біліммен қатар жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін алаң құру. Шеберхана жастар арасында тәжірибе алмасуы мен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды ортаға айналады. Мұндай жоба біздің университетте ғана емес, өңірдің ЖОО саласында тұңғыш рет жүзеге асып отыр», дейді университеттің проректоры Гүлжахан Қайсағалиева.

Шеберхана жұмысы барысында студенттер шеберлік сыныптарына қатысып, өз бастамаларын іске асырып, инновациялық жобалармен айналыса алады. Мұндай тәсіл тұлғаның жан-жақты дамуына, өзіне деген сенімділік қалыптастыруға және болашақ мамандарды дайындауға бағытталған. Университет басшылығы жаңа шеберхананы білім беру үдерісінің маңызды бөліміне айналдырып, студенттердің әлеуетін ашуға уәде беріп отыр.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35