Қоғам • 18 Ақпан, 2025

Ардагерге тосын мереке сыйлады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Мария Матюшина келер жылдың қаңтар айында 100-ге келеді. Ол небәрі 16 жа­сында өз еркімен сұранып, майдандық курсқа жазылады да, соғысқа аттанып кете барған. Жуықта Ұлттық ұлан оркестрі ғасыр жасаған соғыс ардагеріне мереке сыйлады.

Ардагерге тосын мереке сыйлады

«Шығыс» өңірлік қолбас­шы­лығына қарасты 6679 әскери бөлімі­нің әскери қыз­метшілері майдангер Мария Матюшина тұратын үй ауласында оркестрмен концерт қойды. Соғыс жыл­дары айтылған әуезді әндерді шырқап, ерлікті сипат­тайтын оркестрлік шығар­ма­ларды орындады. Қария ұландықтардың өнеріне ризашылығын білдіріп, батасын берді.

«Біздің бүгінгі басты міндетіміз әрі парызымыз – соғыс ардагерлерінің әрқайсысына қамқорлық көрсету, олардың ерліктеріне шексіз алғысымызды білдіру. Сондықтан әскери бөлім о­р­кестрі де қарияның кө­ңілін аулап, бойын сер­гіту мақсатында соғыс жыл­да­рын­дағы әуезді әндер­ден попурри орындады. Біз соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, жағдайын сұрап тұрамыз», дейді 6679 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Назбек Мәліков.

Мария Алексеевна 1926 жылы 19 қаңтарда жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1942 жылы он алты жастағы бойжеткен Новомосковск қаласына тәжірибеге келіп, ата-анасынан жасырын түрде әскери «маскировка» курсына ерікті болып жазылады. Кейін май­дан­ға алынып, қорғаныс құры­лы­сы басқармасының 225-құрамында, 104-әскери құ­ры­лыс жасағының сапында Белоруссияға дейін жетеді. Ардагер жеңісті Финляндия шекарасында қарсы алған. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан кейін тұрмыс құрып, үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсіреді. Кейуананың 11 немересі, 29 шөбересі, 3 шөпшегі бар.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50