Оралда жергілікті қамтуды дамыту және жұмыс орындарын сақтау мәселелеріне арналған кеңес өткізілді. Оған арнайы келген Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев әлемдік экономиканың бір бөлшегі болып табылатын Қазақстанға әлем елдеріндегі экономикалық қаржы дағдарысы мен Ресей рублі құнсыздануының жанама әсері тиіп отырғанын айтты. Осындай кезде кәсіпорындарды жұмыспен қамтамасыз ету, олардың өндірістік қуатын қажетті деңгейде ұстау, жұмыс орындарын сақтау аса маңызды деді ол. Бұл үшін мемлекеттік органдар ұлттық компаниялармен бірге отандық тауарлардың бәсін көтеру мәселелерімен айналысулары қажет. Министрдің айтуынша, қазіргі күні мұнай-газ компаниялары бюджеттері кемуі салдарынан олардан тапсырыстар алатын орта және шағын бизнеске қатысты түйткілді мәселелер туындап отыр. Сондай-ақ, қазіргі кезде жергілікті өндірісшіні қолдап, қажетті тауарлар алудың мүмкіндіктерін іздестіру ісінің де маңызы зор. Мұндағы мақсат – өндіріс орындарындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикада өндіріс үдерістерін тұрақтандыру және жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде облыс әкімдіктері мен ірі кәсіпорындар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау бойынша кең ауқымды істер басталды. Еліміздің барлық аймағында осындай шаралар өткізілуде. Қазірдің өзінде осындай 12 кеңес өткізіліп, барлығы 200 меморандумға қол қойылған. Бұдан әрі Энергетика министрі Владимир Школьник Үкімет Елбасы Жолдауына сәйкес орта мерзімде экономиканы дамытудың басты құралы бола алатын 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған «Нұрлы Жол» атты инфрақұрылымды дамыту бойынша кең ауқымды мемлекеттік бағдарлама әзірленгенін алға тартты. Мұнда қазақстандық қамтуды дамыту мен отандық бизнесті қолдаудың өзекті мәселелері қамтылған. Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев күн тәртібіне қойылып отырған мәселелер бойынша облыста 303,3 миллиард теңгенің 38 жобасы қолға алынғанын жеткізді. Сонымен бірге, алдағы уақытта өңірде 2100 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Инвесторлар жобаларын жүзеге асыру барысында қуат үнемдейтін және өнімнің өзіндік құнын азайтуға бағытталған жаңа технологиялар қолданыла бастады. Осы арқылы облыс кәсіпорындарында бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру көзделген. Форум аясында атқарушы билік ұлттық компания басшылары, кәсіподақ ұйымының жетекшілері облыстың іргелі кәсіпорындарымен жұмыс орнын сақтау мәселелері 8 және ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында 20 меморандумға қол қойылды. Оның жалпы құны 47 миллиард теңге құрайды. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». Батыс Қазақстан облысы.
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше