07 Ақпан, 2015

Ақпараттар ағыны

200 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Нұрлы Жол» бағ­дар­ламасы биыл 17 инфра­құры­лымдық жобаны қамтиды. Бұл туралы Мәжілістің эконо­микалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлім етті. Бұлардың 12-сі автожол саласында, қалған 5-і теміржол инфрақұрылымы және теңіз порттары, Астана әуежайы бойынша іске асырылады. *Индустрияландыру бағ­дар­ламасы Алматы өнеркә­сібінің дамуына айтар­лықтай ықпал етті. Бағдарлама қолға алын­ған алғашқы бес жылда облыста 230 жаңа өнер­кәсіп нысаны ашылып, жұмыс істеп тұрған 125 кәсіпорында шығарылатын өнім көлемі артқан, 9 мыңға тарта адам жұмыспен қамтылған. *Үстіміздегі жылы Қара­ған­дыда 4 жаңа зауыт бой көте­реді. Өткен жылы 1 жобаның құрылысы басталып кеткен, бүгінде аяқталу үстінде. Ал ин­вестицияның құны 38 млрд. теңгені құрайды. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында 2 зауыт металлургиялық және әскери оқ-дәрі шығаратын зауыт орналасады. Тағы 2 зауыт шетелдік инвесторлардың көмегімен салынады. *Оралда жергілікті үлес­ті ұлғай­ту жөніндегі мемо­ран­думдарға қол қойылды. Соның арқасында 47 млрд. теңгенің көлеміндегі жұмыстар атқары­лады. Осыған арналған жиында Инвес­ти­ция­лар және даму министрі Әсет Исекешев атап өткендей, Елбасы тапсырмасына сәйкес осындай шаралар барлық өңірде ұйым­дастырылып жатыр. «Аймақтарда қазірдің өзінде 12 форум өтіп, 200 мемо­ран­думға қол қойылды. Қазақстан әлемдік эконо­миканың бір бөлігі болғандықтан, жаһан­дық өзгерістерден тыс қала алмайды», – деді ол. *Канадалық инвесторлар Қазақстанда ауруханалар мен емханалар салуды жос­парлап отыр. Атап айтқанда, «InterHealth Canada» компания­сы еліміздің оңтүстік өңірінде емханалар мен ауруханалар салуға дайын тұр. Шетелдік менеджерлер білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, меди­циналық қызметтердің сапасын арттыруды жоспарлап отыр. *Астанада тұратын 50 зей­неткер шаңғы жарысына қатысты. Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мәні мен сипаты өзгеше додада әйелдер арасында Людмила Старых, ерлер арасында Леонид Антонов пен Василий Кучин топ бастады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. *Алматы жолдарындағы 10 эколо­гия­лық бекет жаңа «Көлік инспекторы» кешенімен жабдықталады. Әзірге мұндай кешен тәжірибелік мақсатта тек бір бекетке орнатылды. Жаңа кешен бүкіл көліктер легі бойынша әртүрлі ақпараттарды тіркейді.  Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz және Nur.kz деректері бойынша дайындалды.