Қоғам • 18 Ақпан, 2025

«Tasqyn» болжау жүйесі өндірістік қолданысқа берілді

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының бас кезінде береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Tasqyn» болжау жүйесі өндірістік қолданысқа берілді

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша өткізген аппарат кеңесінде айтылғандай өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше «Tasqyn» жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. 

«Су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен де тұрақты байланыстамыз. Ақпарат алмасу жедел жүреді. Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде еліміздің су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады», деді министр Н.Нұржігітов.