
Жаңа пәтерлер халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 4 отбасына, 4 көпбалалы отбасына және баспанасы қауіпті деп танылған 2 отбасына берілді.
Қуаныш иелеріне пәтер кілтін Бұқар жырау аудандық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айнагүл Искакова салтанатты түрде табыстап, қоныстоймен құттықтады.
Аумағы 84 шаршы метр болатын бұл пәтердің бәрі үш бөлмелі.
Жалпы биыл Бұқар жырау ауданында кезекте тұрған 100-ден аса отбасыны жайлы баспанамен қамтамасыз ету көзделіп отырған көрінеді.