Денсаулық • 20 Ақпан, 2025

Атырау облысында 102 бала онкологиялық есепте тұр

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында қатерлі ісік дертіне шалдыққан 102 бала бар. Бұл сырқаттың диагнозы 1 айлық сәбиге де қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында 102 бала онкологиялық есепте тұр

Фото: Doctorate.ru

Бұл туралы Атырау облысының штаттан тыс онкогематологы Гүлжан Ілиясова хабарлады.

«Балалар қатерлі ісік сырқатына сирек шалдығады. Кәмелетке толмағандардың арасында мұндай аурудың пайда болуына бірнеше фактор әсер етеді. Өйткені бұл – жасушалардың бақылаусыз өсуі мен бөлінуі нәтижесінде пайда болатын аурулар тобы. Сол үшін жыл сайын скринингтен өтіп тұруы керек. Қазір Атырау облысында қатерлі ісікке шалдыққан 102 бала диспансерлік есепке алынды. Дәрігерлердің тексеруінен кейін 1 айлық сәбиге жедел лейкоз диагнозы қойылды», дейді Гүлжан Ильясова.