
фото: ҚМА
Қаржы мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30% - на дейін пайда табуға уәде берген.
«Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді. Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушысы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады», делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.