Жұмысшы мамандықтар жылы • 20 Ақпан, 2025

Енді колледждер лицензияны жаңа жүйе бойынша алады

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің колледждерінде бұған дейін лицензиялау тек жеке біліктіліктерге қатысты берілсе, енді  мамандықтар бойынша берілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Енді колледждер лицензияны жаңа жүйе бойынша алады

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған шара – колледждерге экономикадағы өзгерістерге тез бейімделуге, еңбек нарығының қажеттіліктеріне жедел жауап беруге және мамандар даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.

«Енді колледждер лицензияланған мамандықтар аясында жаңа біліктіліктерді қосу үшін бюрократиялық рәсімдерден алшақтап, тек материалдық-техникалық базасы мен кадр құрамының сәйкестігін растаса жеткілікті. Сонымен қатар, модульдік білім беру бағдарламалары студенттерге бір мамандық шеңберінде бірнеше біліктілікті меңгеруге мүмкіндік береді», деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов.

Қазіргі уақытта ведомствоның аймақтық департаменттері колледждер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ресми ресурстарда ақпараттар жариялап, лицензияларды қайта рәсімдеу кестесін әзірледі.

Колледждер жаңа мамандықтарға лицензия алу немесе қолданыстағы лицензияларын қайта ресімдеу бойынша қазірден бастап өтініш бере алады.