Оқиға • 20 Ақпан, 2025

Шымкентте зейнеткерді сан соқтырған алаяқтар ұсталды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте зейнеткерден 46 млн теңге алған алаяқтар қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте зейнеткерді сан соқтырған алаяқтар ұсталды

Қашықтан алаяқтық жасаған екі күдіктіні киберполицейлер «Аnti-fraud» іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұстады.

69 жастағы қала тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалады. Жәбірленуші алдымен «ұялы байланыс операторларынан» SIM-картасының мерзімі аяқталғаны туралы қоңырау қабылдағанын айтты.

Мерзімді ұзарту үшін ол SMS-кодты берген. Біраз уақыттан кейін азаматшаға «құқық қорғау органдарынан» хабарласып, шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалғандар алаяқтар екенін жеткізген.

Зейнеткер қаскөйдің нұсқауымен шотындағы бар ақшаны шешіп алып, жинап тергенін сақтап қалу үшін «сенімді қолға» уақытша тапсырған. Ішінде 46 млн теңге бар пакетті жалған құқық қорғаушылар ауладағы орындықтан алып кеткен.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Шымкент ПД киберпол бастығының орынбасары Шыңғыс Жайлаубектің айтуынша, бұл қашықтан жасалатын алаяқтықтың кең таралған схемаларының бірі.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50