Үкімет • 21 Ақпан, 2025

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін күшейтеді

2465 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін күшейтеді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа тәсілдер және еңбек қауіпсіздігі саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты. 

«2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нысандарды цифрландыруды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралады, өнеркәсіп қауіпсіздігін, ғылымды дамытуды және тиісті орталықтар құруды қамтамасыз ететін нысандарға қойылатын, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторының кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жөніндегі талаптар күшейтіледі», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша жекелеген талаптар қайта қаралып жатыр. 

«Осылайша, азаматтық қорғау жөніндегі заң жобасы шеңберінде апаттық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар қатаңдатылады, тиісті қызметтердің функцияларын беру арқылы өндірістік бақылауға қойылатын жекелеген талаптар күшейтілуде, сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандар иелеріне жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша жаңа міндеттер көзделген», деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік нысандары паспорттарын жасауға, апаттарды есепке алуды және басқа да процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Е-КПБ» ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланған.

Премьер-министр өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы бақылау тетігіне ерекше назар аударды. Төтенше жағдайлар министрлігі ӨҚМ және ЕХӘҚМ-мен бірлесіп, тексеру қорытындысы бойынша өнеркәсіптік нысандар меншік иелері мен басшыларының қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігі іс-шараларын уақтылы қаржыландыру үшін жер қойнауын пайдаланушылардың тау-кен жұмыстарын жүргізу жоспарларына талдау жүргізуі қажет. Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс, Төтенше жағдайлар министрліктері газдар шығарындыларымен байланысты тәуекелдерді азайту үшін шахталарды алдын ала газсыздандыру нормативтерін әзірлеуі қажет.

ЦДИАӨМ отандық IT-мамандармен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шешімдер әзірлеу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:50

Жаңақорғанда макарон шығады

Өндіріс • Бүгін, 09:35

Дегдар сөз иесі

Жансарай • Бүгін, 09:30