
Фото: Ашық дереккөз
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, көлік салығын төлемеген 335 мың жеке тұлға борышкерлер тізімінде тұр.
Ең көп қарыз тіркелген өңірлер:
- Алматы қаласы 2,1 млрд теңге (39 мың жеке тұлға);
- Астана қаласы 1,3 млрд теңге (33 мың жеке тұлға);
- Шымкент қаласы 885 млн.теңге (28 мың жеке тұлға);
- Шығыс Қазақстан облысы 213 млн.теңге (8 мың жеке тұлға).
Естеріңізге сала кетейік, көлік салығын төлемеу өсімпұлдың қосылуына әкелуі мүмкін. Әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептеледі.