
Фото: kazfootball.kz
«Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол матчы «Астана Арена» стадионында сағат 15:00-де, «Барыс» ХК хоккей матчы «Барыс Аренада» сағат 17:00-де басталады.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жолдағы кептелістің алдын алу үшін Футбол көрермендері үшін қозғалыс тек Қабанбай батыр даңғылы арқылы жүзеге асырылады. Хоккей жанкүйерлеріне тек Тұран даңғылы арқылы кіріп, шығуға болады.
Шектеулер матчтар басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын енгізіледі және олар аяқталғанға дейін сақталады.
«Астана қаласының әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарынан уақытша өзгерістерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды», делінген хабарламада.