Шаруашылық • 24 Ақпан, 2025

Егіншілерге 171 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Аграрлық несие корпорациясы» жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Егіншілерге 171 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді

Фото: АШМ

«2042 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 239,4 млрд теңге сомасына өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 1958 АШТӨ-ден 232,7 млрд теңге сомаға өтінімдер жұмысқа қабылданды. 171,6 млрд теңге сомасына 1396 АШТӨ қаржыландырылды», деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, көктемгі дала жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталатын болады, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылады. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында аграршылар өздері үшін барынша қолайлы жағдайларда қаржылық қолдау алады. Атап айтқанда, қарыздарды рәсімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайды.

Сонымен қатар қаржыландыру екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және АНК арқылы қолжетімді болады.

Соңғы жаңалықтар

Тазылар тартысқа түсті

Аймақтар • Кеше