
Фото: WDRB News
Губернатор Энди Беширдің мәліметінше, 660-қа жуық тұрғын әлі күнге дейін электр қуатынсыз отыр. Сонымен қатар штат бойынша 100-ден астам жол жабық, сондай-ақ 600-ге жуық адам қонақүйлерді, мектептер мен шіркеулерді паналаған.
«Кентукки соңғы жылдардағы ең қауіпті табиғи апаттардың бірін бастан өткерді, оның зардаптары бүкіл штатта сезілді», деді Энди Бешир.
Айта кетейік, штат апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін федералды мақұлдауды күтіп отыр.