Қоғам • 24 Ақпан, 2025

Биыл 146 ауылға ауыз су құбыры тартылады

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сала министрлігі биыл сумен қамту нысандарын салу және реконструкциялау бойынша 8 жобаны аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 146 ауылға ауыз су құбыры тартылады

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Аталған көрсеткіш – 208 мыңнан астам тұрғыны бар 146 елді мекенді ауызсумен қамту сапасын жақсартуға және 4 ауылды орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосуға мүмкіндік бермек.

Ведомствоның мәліметінше, 8 инфрақұрылымдық жобаны аяқтау нәтижесінде 536 шақырым су құбыры салынады.

Ақмола облысында Красная поляна, Петриковка, Арбузинка ауылдарында топтық су құбыры салынып жатыр.

Қызылорда облысында Байқожа топтық су құбыры реконструкциядан өтіп жатса, Арал ауданында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Қосаман-Ақбасты желісін салу, ал Ақбасты елді мекенін орталықтандырылған су жүйесіне қосу және Жаңақорған ауданында Талап топтық су құбырының қуатын арттыру үшін қосымша ұңғымалар қазылып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында Булаев және Есіл топтық су құбырларын реконструкциядан өткізу қолға алынған.

Ұлытау облысында Сәтбаев қаласы мен оның маңындағы барлық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Есқұла топтық су құбырының құрылысы аяқталуға жақын.