Үкімет • 25 Ақпан, 2025

Шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет резервінен отандық шаруаларды қолдау үшін 116 млрд 772 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Премьер-министр тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz

Шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Қаражатты 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізу, сондай-ақ отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін аграрлық-өнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыруға бағыттау жоспарланған.

«Бұл әрі қарай елімізде өндірілген және құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыруға, кейін оны лизингке беруге, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан несие шарттарын кепілдендіру кезінде комиссияны арзандату үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау арқылы жүзеге асырылады», делінген Үкімет хабарламасында. 

Айта кетейік, Президенттің ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын қаржыландырудың көлемін арттыру мақсатында алғашқы 100 млрд теңгені 2024 жылдың желтоқсанында бөлген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше