
Түнде Ұлытау облысында, күндіз Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түркістан облысында күндіз оңтүстікте жаңбыр жауады, батыста қатты жауын-шашын болады.
Тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана құрғақ ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшейіп, бұрқасын болады.