Бокс • 25 Ақпан, 2025

«Странджа кубогі»: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 ақпан күні Болгария астанасы Софияда «Странджа кубогі» басталды. Сайыстың екінші күні шаршы алаңға шығатын ел боксшыларының есімі белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

«Странджа кубогі»: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

Фото: olympic.kz

Бүгін рингке әйелдер құрамасы да көтеріледі. 50 келіде бақ сынайтын Гүлнар Тұраппай ағылшын Оаклей Келсейге қарсылас атанып отыр. 57 келіде Қазақстан намысын қорғайтын Забынбекова Айдана Caccиc Николинамен өзара кім мықтыны анықтайды. 63 келіде Жанғабаева Аружан да  алғашқы жекпе-жегін бүгін өткізеді. 

75 келіде Баязитова Анастасия қытайлық Ли Хианға қарсы шаршы алаңға көтеріледі. 

Ерлер құрамасы сапынан 51 келіде Алдамжаров Бекзат франциялықтан айласын асыруға күш салады. 63, 5 келіде Зейнуллинов Ертуған болгариялық Лисовый Владиславпен қолғап түйістіреді. Осы салмақтағы ел құрамасының көшбасшысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы грузиялыққа қарсылас болып отыр. 80 келіде Ерасыл Жақпеков пәкістандық Ихбал Умайсқа қарсы жекпе-жек өткізеді.

86 келіде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Оралбай Нұрбек жергілікті боксшымен келесі кезең жолдамасын сарапқа салады. Осы салмақта өнер көрсететін тағы бір отандасымыз Нұрдәулетов Бекзат өзбекстандық Исройлов Акмалжонмен жұдырықтасады. +92 келі салмақта Айбек Оралбай пәкістандық Тахир Абдул Уақаптан басым болуға ұмтылады. 

Бүгінгі бокс бәсекесінің күндізгі сессиясы Астана уақытымен 17: 00-де, кешкі сессиясы 20: 00-де басталады. Болгария бокс федерациясының ютуб арнасы жарысты тікелей эфирде ұсынады.