
Өңірлік полиция департаменті ұсталғандарға қатысты қазақстандық соттың шешімімен қамауға алу санкциясы қолданылғанын хабарлады.
«Халықаралық келісімдер аясында ҚР Ішкі істер министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп, тергеу-жедел тобын құрды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп атап өтті департаменттен.
Айтып өтейік, 2024 жылдың 10 қараша күні түнде Павлодарда банк бөлімшесінің қабырғасы ломмен бұзылып, тоналған еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері банк бөлімшесінен қанша дүние ұрланғанын тергеу ғана айта алатынын мәлімдеген.