
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Қазір аса ірі мөлшерде мал ұрлығын жасау қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін ұрылардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», дейді ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Ержан Бейісов.
Полиция ұрылар сатып үлгермеген 15 жылқыны иелеріне қайтарып берген. Қалған малдың құны ақшалай өтеледі. Қарапайым жұртты қан қақсатқан қылмыстық топ жалпы көлемі 25 миллион теңгеден астам шығын келтірген.