Қоғам • 26 Ақпан, 2025

Наурыздан бастап ауыр жүк көліктеріне уақытша шектеу қойылады

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы көктемгі кезеңде уақытша жүрісті шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүруіне шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Наурыздан бастап ауыр жүк көліктеріне уақытша шектеу қойылады

Фото: istockphoto.com

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №492 бұйрығының 19 тармағына сәйкес, республикалық автожолдарды қысқы мезгілден кейін сақтау мақсатында 2025 жылғы 1 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін «бесінші жол климаттық аймаққа жататын келесі сегіз облыста шектеу енгізіледі:

  • Алматы облысы
  • Атырау облысы
  • Жамбыл облысы
  • Ұлытау облысы
  • Қызылорда облысы
  • Маңғыстау облысы
  • Жетісу облысы
  • Түркістан облысы

Алайда келесі автокөліктердің түрлеріне бұл шектеулер қолданылмайды:

  • халықаралық жүк және жолаушылар тасымалына;
  • төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын көліктерге;
  • гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын көліктерге;
  • жол-құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын көліктерге.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілер мен көлік иелеріне маршруттарды жоспарлаған кезде осы ақпаратты ескеруді сұрады.