
Фото: Ашық дереккөз
Айта кетейік, барлық мопед иелері көліктерін 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін тіркеуге міндетті. Бұдан кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады.
Мопедті тіркеу үшін иелері тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (арнайы ХҚКО) жүгініп, құжаттарды ұсынып, техникалық тексеруден өткізіп, сондай-ақ көлікті тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеуі қажет.
«Тіркелмеген мопедтерді пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағына сәйкес 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген», делінген хабарламада.