Үкімет • 26 Ақпан, 2025

Үкіметте халыққа заңгерлік көмек көрсету мәселелері қаралды

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов халыққа заң көмегін көрсету үдерістерін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкіметте халыққа заңгерлік көмек көрсету мәселелері қаралды

Фото: Ашық дереккөз

«Робот – сот орындаушысы» жобасын іске қосу арқылы аталған цифрлық шешімді қолдану нәтижелері қаралды. Мәселен, робот іске қосылған 2024 жылдың тамыз айынан бері 125 мыңнан астам құжат орындалған. Ал, рәсімдерден өту кезінде азаматтар 600 млн теңгеден астам қаражат үнемдеген», делінген хабарламада.

Премьер-министр Әділет министрлігіне атқару құжаттарының оңайлатылған тәртіппен орындауға болатын тізбесін кеңейтуді тапсырды, бұл – сот актілерін орындаудың тиімділігін арттырады.

Сонымен қатар еліміздің жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін мемлекеттік басқару жүйесін бюрократиядан арылту бойынша Президент алға қойған міндеттерді іске асыруға ерекше назар аударылды.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық салада цифрландырудың біртұтас жүйесін құру қажеттігін атап өтті. Бұл жұмыс жаппай жүргізіліп жатыр. Әділет органдарын дамыту мен цифрландыру – мемлекеттің, азаматтардың және бизнестің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған аса маңызды үдеріс. Осы орайда, жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты. Бұл – бюрократиядан арылтудың негізгі әдістерінің бірі. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің жеделдігін, қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін цифрлық технологиялардың әлеуетін түгел пайдалану қажет», деді Олжас Бектенов.