Табиғат • 26 Ақпан, 2025

Алматыға қар көшкіні қауіп төндіріп тұр

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сондықтан мамандар туристерге сақ болу қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыға қар көшкіні қауіп төндіріп тұр

Фото: globallookpress.com

Мәселен, Шымбұлаққа күніне 4 мыңға жуық адам келеді. Демалушылардың дені сол маңдағы Богданович мұздығына жаяу шығады. Дәл осы жерде қар көшкінінің ықтималдығы жоғары. Ондағы қардың қалыңдығы 80 сантиметрден 1,5 метрге дейін жетеді. Осыған орай «Қазселденқорғау» мекемесі «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында қар көшкінінің алдын алу шараларын жүргізді. Оған құтқару қызметі мен Төтенше жағдайлар департаментінің 30-ға жуық қызметкері қатысты. Шаңғы жолы түгелдей жабылды. Ең қауіпті деген жерлер Талғар асуында теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан. Дәл сол маңға жарылғыш заттар қойылып, қар түсіру жұмыстары жүргізілді.

Сала мамандарының айтуынша, мұндай 165 қауіпті аймақ бар. Қар көшкіні қаупі сәуір айының соңына дейін сақталады.

«Бұл аймақтардың барлығы қауіпті саналады. Атап айтатын болсақ, Кіші Алматы өзеніндегі Шымбұлақ, Медеу шатқалы және Тұйықсу, Үлкен Алматымен алатын болсақ, Космостанция жолдары – барлығы қар көшкіні орын алуы мүмкін аймаққа жатады. Бүгінгі таңда біз солардың алдын алу үшін барлық қар көшкіні бар аймақтарда ақпараттық щиттерді орнаттық», дейді  «Қазселденқорғау» ММ Алматы филиалының басшысы Самат Дәуленқанов.

Соңғы жаңалықтар

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:50

Жаңақорғанда макарон шығады

Өндіріс • Бүгін, 09:35

Дегдар сөз иесі

Жансарай • Бүгін, 09:30