Қалалық әкімдіктің мәліметінше, "Каз Форд Строй" ЖШС жеке мердігерлік ұйымы жүргізген жер қазу жұмыстары кезінде Достық көшесі, 8б мекенжайындағы жылу магистралі зақымданған.
– "Каз форд строй" ЖШС жеке мердігерлік ұйымы Достық көшесі, 8б мекенжайында жер жұмысын жүргізу барысында д-219 жылу трассасына зақым келтірді. Жеке мердігерлік ұйым бұл жұмысты уәкілетті органдардың және "Астана-Теплотранзит"АҚ келісімінсіз өз бетінше жүргізген.Оқиға орнына "Астана-Теплотранзит" АҚ апаттық бригадасы дереу жетті, – делінген Астана әкімдігі хабарламасында.