Оқиға • 27 Ақпан, 2025

Қостанайда 21 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері мен қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері өткен жылдардағы аса ауыр қылмысты ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанайда 21 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды

Фото: Ашық дереккөз

Естеріңізге сала кетейік, 2003 жылдың мамыр айында Қостанай қаласында зорлық-зомбылықпен өлтірілген 21 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Сараптама нәтижесі оны тұншықтырып өлтіргенін көрсеткен. Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталған еді.

Алғашқыда күдіктілердің бірі анықталғанымен, оның кісі өлтіруге қатысы бары туралы жеткілікті дәлелдер табылмаған. Алайда, полиция қызметкерлері 20 жыл бойы дәлелдер жинауды тоқтатпай, тергеу жұмысын жалғастырған. Ақпан айында қосымша тергеу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 44 жастағы күдікті қолға түскен.

«Күдікті 2003 жылдың ақпан айында марқұммен танысқанын және екеуі бірге ішімдік ішкенін айтты. Оның сөзінше, жәбірленуші жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан соң, күдікті оны тұншықтырып өлтірген. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қостанай облысы полиция департаменті өткен жылдардағы ауыр қылмыстарды ашу бойынша жұмысты жалғастырып, биыл 44 ауыр қылмысты ашқан.

Соңғы жаңалықтар