Оқиға • 27 Ақпан, 2025

Елімізде екі әскери колледж ашылады

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектептерінің базасында екі жаңа әскери колледждің құрылатынын жариялады. Алматы қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі, ал Қарағанды қаласында Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде екі әскери колледж ашылады

Фото: inform.kz

Аталған оқу орындарына кадеттердің алғашқы қабылдауы биылғы жылы жүзеге асырылады. Конкурс негізінде 9-сынып түлектері оқуға түсе алады.

Болашақ әскери қызметшілер даярланатын мамандықтар:

Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі (Алматы қаласы):

  • Дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы
  • Барлау және десанттық-шабуыл бөлімшелерін басқару

Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжі (Қарағанды қаласы):

  • Зымыран әскері және артиллерия бөлімшелерін басқару
  • Киім-кешекпен қамтамасыз ету
  • Азық-түлікпен қамтамасыз ету

Әскери колледждерде оқудың артықшылықтары:

  • Мемлекеттік стипендия
  • Әскери ант қабылдау және әскери билет алу
  • Оқу кезеңінде әскери қызметке арналған келісімшарт
  • Оқуды аяқтағаннан кейін 10 жыл әскери қызмет кепілдігі
  • Техникалық және кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом
  • “Кіші сержант” әскери атағы беріледі
  • ҰБТ тапсырмай-ақ әскери институттарға қысқартылған мерзімде оқуға түсу мүмкіндігі (конкурс негізінде)

Колледжді аяқтағаннан кейін түлектер:

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,
  • ҰҚК Шекара қызметінде,
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде,
  • Мемлекеттік күзет қызметінде,
  • Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететін болады.