
Еліміздегі әскери оқу орнына түсуге ниетті талапкерлер, алдымен тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының атына өтінішпен жүгінуі тиіс.
Талапкерлерге ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл жинауы тиіс. Оның ішінде бейінді пәндердің біреуі бойынша кемінде 7 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл жинауы шарт.
«Енді әскери оқу орындарына e-Gov арқылы алдын ала медициналық тексерусіз өтініш беруге болады, ал арнайы тексеру алғаш ретте онлайн жүзеге асырылады. Онлайн-курстар, электронды кітапхана және журналдары бар бірыңғай әскери білім беру платформасы құрылды. 2025 жылы 3 мыңнан астам әскери қызметшіні цифрлық курстар арқылы оқыту жоспарланып отыр», деді Мұрат Олжабаев.
Сонымен қатар «Срочники 2.0» жобасы іске қосылған. Бұл жоба мерзімді әскери қызметшілерге білім гранттарын алу мүмкіндігін береді. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам сарбаз тестілеуден өтті, 11 мыңнан астам әскери қызметші қатысады.