Оқиға • 28 Ақпан, 2025

Ақтау әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты тазалау жұмыстарын жүргізу үшін 27 ақпанда ұшу-қону жолағы 5 сағатқа, яғни 12-ден 17 сағатқа дейін жабылған еді. Бірақ бүгін ұшу-қону жолағын жабу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты

Фото: Air Astana

«28 ақпанда жолақтың жабылуы сағат 6.00-ден 12.00-ге дейін ұзартылды, бұл Ақтау қаласына/қаласынан рейстердің кешігуіне және тоқтатылуына әкелуі мүмкін. Рейстердің мәртебесін веб-сайтта немесе Air Astana қосымшасында тексеріңіз», делінген хабарламада.

Әуекомпания тасымалдаушыға байланысты себептермен жолаушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін өкініш білдірді. 

Айта кетейік, терминалдарда ұшуды күтіп жүрген жолаушыларға сусындар мен тамақ берілген. Ал, басқа қаладан келген жолаушылар қонақ үйге орналастырылған.