Тағайындау • 28 Ақпан, 2025

Президент Өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады

Ерсайын Қайырғазыұлы Нағасбаев 1980 жылы 28 шілдеде Қарағанды қаласында туған.

Жоғары білімді, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте,  Еңбек жолын Теміртау қаласы әкімінің аппаратында бастады. ҚР Сыртқы істер, көлік және коммуникация министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды. Вице-премьердің кеңесшісі болды. «Ақтау халықаралық порты» РМК-да жұмыс істеді, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болған. 

Кейін «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясында басқарушы директор қызметін атқарды.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін Қанат Шарлапаев атқарған еді. Бүгін ол президенттің көмекшісі болып тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025