Аймақтар • 28 Ақпан, 2025

Өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған жұмыс – мұз қабатын әлсіретуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: Видеоскрин, ТЖМ

Осындай жұмыс – бүгін ШҚО-ның Шемонаихин ауданына қарасты Үст-Уба поселкесі маңындағы Уба өзенінде жүргізілді. Мұздың қалыңдығы 60 см-ге дейін жеткен. Жалпы ұсақтау көлемі 10 692 шаршы метрді құраған.

ТЖМ мәліметінше, бұл – апатқа бейім ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды шара. Мұзды ұсақтау шаралары мұз ағысының басталуына дейін жүргізіледі және су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.