Оқиға • 03 Наурыз, 2025

Әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағандар сотталды

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында терроризмді насихаттаған және экстремистік ұйымның қызметіне қатысу арқылы басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған  азаматтар сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағандар сотталды

Фото: Ашық дереккөз

Бас прокуратураның хабарлауынша, Жамбыл облысының тұрғыны өткен жылдың қазан айында Telegram әлеуметтік желісінде «Ислам үшін» атты парақша ашып, онда заңсыз террористік құрылым ретінде танылған «Мұсылман бауырлар» және «Өзбекстан-исламдық қозғалысы» халықаралық террористік ұйымдарының бейне жазбаларын таратқан.
 
Дәл осы сияқты, Түркістан облысының тұрғыны желтоқсан айында «WhatsApp» және «Facebook» әлеуметтік желілері арқылы бірнеше рет «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының бейнежазбаларын таратқан.

«Мемлекеттік айыптаушылар сот барысында сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Терроризмді насихаттаған кінәлі тұлғаларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды», делінген хабарламада.

Үкімдер заңды күшіне енген.