Әлем • 03 Наурыз, 2025

Күрдістан партиясы Түркиямен қақтығысты тоқтататынын мәлімдеді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) 1 наурыз күні Түркия үкіметімен арадағы қарулы қақтығысты тоқтатып, бітімге келетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.   

Күрдістан партиясы Түркиямен  қақтығысты тоқтататынын мәлімдеді

Фото: Khalil Ashawi / Reuters

40 жылға созылған Күрдістанның «автономия үшін күресі» енді аяқталады. Бұл туралы Түркия түрмесінде отырған КЖП төрағасы Абдулла Ожалан хабарлап, жақтастарын қаруды тастауға үндеді. КЖП есесіне Абдулла Ожаланды бостандыққа шығаруды талап етіп отыр. Олар арадағы дау төрағаның басшылығымен ғана тоқтайтынын хабарлады.

ВВС агенттігі Сирия басшылығына Түркияны жақтайтын жаңа билік келгелі «өздеріне қарсы жойқын соққы жасалуы мүмкін» деп қауіптенген сириялық күрдтер Абдулла Оджаланның бейбіт пен бітімге шақырған үндеуін қуана-қуана қарсы алғанын жария етті. 

1999 жылдан Түркия түрмесіне тоғытылған Абдулла Ожалан өз кезегінде КЖП-ны тарату, қаруды тастау шешіміне қатысты тарихи жауапкершілікті мойнына алатынан атап өткен. 

«Мен КЖП-ны съез шақырып, кез келген заманауи саяси партия сияқты Түркия мемлекетімен және қоғамымен интеграциялану туралы шешім қабылдауға шақырамын! Барлық қарулы топтар қаруларын тастауға тиіс. Ал, КЖП өзін-өзі таратуы тиіс», делінген Абдулла Ожаланның үндеуінде.

Ал Түркия үкіметі арадағы қақтығыстың нүктесін қоюға 2012 жылдан бері әрекет етіп, бейбітшілік келісімін ұсынып келеді. 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35