Спорт • 03 Наурыз, 2025

Рейтингтік турнирде грек-рим күресінен 3 жүлде алдық

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Албанияның астанасы Тиранада Muhamet Malo рейтингтік турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Рейтингтік турнирде грек-рим күресінен 3 жүлде алдық

Фото: Qazsporttv

Қазақстанның грек-рим күресінің шеберлері 3 қола жүлдеге ие болды.

Қола медаль үшін күресте Ерасыл Мамырбеков (55 кг дейінгі салмақ) жарыс қожайынынан, ал, Ерсін Абыйыр (55 кг дейінгі салмақ) қырғыз спортшысынан басым түссе, 67 кг дейінгі салмақта Бағдат Сабаз да қытайлық қарсыласын бет қаратпады.

Qazsporttv мәліметінше биылғы Muhamet Malo турниріндегі Қазақстан құрамасы көрсеткен нәтиже:

Еркін күрестен – 1 күміс, 2 қола.

Әйелдер күресінен – 1 алтын, 1 қола.

Грек-рим күресінен – 3 қола.