
Фото:idoctor.kz
Мамандардың айтуынша, аурудың таралуына толассыз жауған жауыннан кейінгі масалардың көбеюі себеп болған. Айта кетейік, инфекция Aedes aegypti масалары арқылы таралады және тропикалық аймақтарда белсенді түрде өршиді.
Жергілікті медицина қызметкерлері туристерге парацетамол ішуге және ішкі қан кетудің алдын алу үшін күнделікті қан тапсырып тұруға кеңес берген. Науқастардың айтуынша, репелленттер мен фумигаторлар айтарлықтай көмектеспеген.
Вирус жұқтырып, жазылған адамдардың көпшілігі кейін шаштың шамадан тыс түсуін байқап, дәрігерлерге жүгінген. Бұл денге безгегінің ағзаға тигізетін ұзақ мерзімді әсерлерінің бірі болуы мүмкін.