Заң • 04 Наурыз, 2025

Жезқазғанда африкалық мұғалімге заңсыз жұмыс істегені үшін айыппұл салынды

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазғанда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Сьерра-Леоне азаматына айыппұл салынды. Бұл туралы Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазғанда африкалық мұғалімге заңсыз жұмыс істегені үшін айыппұл салынды

Сот материалдарына сәйкес, іс фигуранты – «К.» есімді азамат елде рұқсат етілген уақыттан артық қалып, рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысқан. Ол Жезқазған қаласында жергілікті кәсіпкердің қарамағында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Сот отырысында шетелдік азамат кінәсін толық мойындап, заң талаптарын білмегенін айтып, айыппұлмен шектеуді сұрады.

Сот кінәні толық мойындауын жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, оған 25 АЕК (98 300 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Соттың қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.