Оқиға • 04 Наурыз, 2025

Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыру қолжетімді

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тиісті бұйрықты Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыру қолжетімді

Фото: Ашық дереккөз

Жаңашылдық ел азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктерді жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты электронды үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы ауыстыруға мүмкіндік береді.

«Жобаның мақсаты – 2026 жылдың 1 наурызына дейін қолданыстағы тәртіпке балама ретінде «Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды, жеке куәліктерді беру» мемлекеттік қызметін көрсетуді онлайн форматқа көшіру (пилоттық жоба)», делінген хабарламада.