Оқиға • 04 Наурыз, 2025

Елімізде 13 мың шақырым жол жөнделеді

27 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде 13 мың шақырым жол жөнделеді

Фото: inform.kz

Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен талқыланып жатқандығын атап өтті. Құрылыс жұмыстарын жүргізу халықаралық қаржы институттарының есебінен жүзеге асырылады деп болжанып отыр. 

«Бұл «Жезқазған – Қарағанды», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор» жаңа жобалары, сондай-ақ Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдар. Осы жобаларды іске асыру үшін ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ және басқаларын қосқанда, халықаралық қаржы институттарымен жеңілдетілген қаржы бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», деді ол.

Оның айтуынша, тендерлерге қатысу кезінде отандық компанияларға преференциялар бере отырып, конкурстық шарттарды қайта қарау маңызды қадам болған.

«Бұл қазақстандық кәсіпорындарды құрылыс жұмыстарына көбірек тартуға мүмкіндік берді. Мәселен, «Қарағанды – Жезқазған» жобасы бойынша тендерге қатысушылар саны 2-ден 10-ға дейін өсті», деді Марат Қарабаев.