Оқиға • 04 Наурыз, 2025

Қостанайда екі полицей жұмыстан босатылды

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олар жол ережесін бұзған Lexus жүргізушісіне шара қолданбағаны үшін қызметтен қуылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда екі полицей жұмыстан босатылды

Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдықты асырған Lexus көлігін тоқтатқанымен, жүргізуші оларға агрессивті жауап беріп, ешқандай жазаға тартылмастан оқиға орнынан кеткені көрсетілген.  Ол өз сөзінде 11 жылдық жүргізушілік тәжірибесі бар екенін айтып, полиция қызметкерлерінің нөмірін «есте сақтап алу керектігін» мәлімдеген.

Қостанай – Әулиекөл – Сурған тас жолында болған бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізілген. Нәтижесінде жүргізушінің жылдамдық режимін бұзғаны анықталған. Алайда инспекторлар оған шара қолданбаған. Осыған байланысты тәртіптік комиссияның шешімімен екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылды.

Құқық бұзушының әкімшілік жауапкершілікке тартылуы бойынша жеке тексеру жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатыны хабарланды.