
Фотолар: Видеоскрин. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, фототұзақтар – жануарларды бейнежазбаға түсіріп қана қоймай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де септігін тигізеді. Қыс мезгілінде биотехникалық іс-шаралар күшейтіліп, жабайы аңдарға жем-шөп қоры дайындалды.
Айта кетсек, «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында барлық аңшылық түріне қатаң тыйым салынған. Жануарлар популяциясын сақтау мақсатында тұрақты түрде табиғатты қорғау шаралары жүргізіліп келеді.