
Фотолар: Видеоскрин
Жолдан шығып кетіп, өз бетінше қозғалысын жалғастыра алмаған автобуста Тәжікстан Республикасының 59 азаматы болған.
Жедел келген құтқарушылар жол талғамайтын шынжыр табанды транспортер-тартқыштың көмегімен көлікті жолға тартып шығарды. Автобус ары қарай жолын жалғастырды. Жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болмады.