Оқиға • 06 Наурыз, 2025

Астанада жүк көлігінің жүргізушісі оқушыны қағып кетті

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған.  Қалалық полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Egemen.kz.

Астанада жүк көлігінің жүргізушісі оқушыны қағып кетті

Фото: Видеодан алынған кадр

Алған жарақаттарының салдарынан 7 жасар оқушы қыз оқиға орнында көз жұмған.

«Бейсекбаев көшесімен келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Кенесары көшесінің қиылысында бұрылу кезінде бағдаршамның жасыл түсінде белгіленген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.