Спорт • 07 Наурыз, 2025

Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтады

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, Әлем кубогы кезеңдері жүлдегерінің спорттық мансабын аяқтағаны туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтады

Фото: olympic.kz

Спортшы Instagram парақшасында жеңіс жолында қолдау көрсеткен әр жанға алғыс білдірді. 

«Өз мансабымда әр деңгейдегі 125 жарысқа Үш қысқы Олимпиада ойындарына. сегіз әлем чемпионатына, 54 Әлем кубогының кезеңіне, төрт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатыстым. Жалпы, 14 рет жеңімпаз атанып, 33 рет жеңіс тұғырына көтерілдім. Өкінішке қарай, Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алу бұйырмады», деген Жанбота Алдабергенова Қазақстанда Олимпиада чемпионы шығатынына сенемін және соған үлкен үміт артатынын жеткізді. 

Ал спорттық мансабын аяқтауына өткен маусымның желтоқсанында алған жарақаты себеп болғанын атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025